Талғар маңында төтенше жағдай орын алып, адамдар құтқарылды
Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылында үш қабатты, көппәтерлі тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, тосын оқиға 16 қарашада болған.
"Өртті сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің 5 буыны жұмылдырылды. Құтқарушылар екінші қабаттан екі ересек адамды құтқарып, жедел жәрдемге тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар 15 газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, олардың жарылуының алдын алған.
"ТЖД бөлімшелері жеткенге дейін зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Өрт толығымен сөндірілді", - деді ТЖД өкілдері.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0