Тараз бен Шымкент тұрғындары түнде жер сілкінісін сезді

Қараша 3, 2025 - 06:36
 0  19
Тараз бен Шымкент тұрғындары түнде жер сілкінісін сезді
Baq.kz

Бүгін түнде Тараз, Шымкент және Түркістан облысының тұрғындары Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісінің дүмпулерін сезді, деп хабарлайды limek.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Дүмпулер Астана уақытымен 01:29-да тіркелген. Эпицентр Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің есептік қарқындылығы (баллмен):

  • Шымкент – 2 балл
  • Мырзакент (Түркістан облысы) – 2 балл
  • Жетісай (Түркістан облысы) – 2 балл
  • Шардара (Түркістан облысы) – 2 балл

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 2
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0