Маңғыстауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
7 қазан күні Маңғыстау облысындағы Шекара қызметінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген жас сарбаз қайтыс болды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша қайғылы оқиға техникалық жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан болған. Қазіргі таңда полиция қылмыстық іс қозғап, қосымша қызметтік тергеу амалдары жүргізілуде.
Шекара қызметі марқұмның отбасына және жақындарына көңіл айтып, қолдау көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында 19 жастағы мерзімді әскери қызметші қайтыс болғаны хабарланған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0