Кімдер жеңілдетілген салық режимі арқылы жұмыс істей алады?

Қараша 26, 2025 - 18:19
 0  17
Кімдер жеңілдетілген салық режимі арқылы жұмыс істей алады?
Midjourney

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режиміне рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді.

Құжатта 40 қызмет түрі қамтылған:

  • мал шаруашылығын дамытуға бағытталған қызмет;
  • музыкалық аспаптарды жасау;
  • сылақ жұмыстары;
  • ағаш ұстасы жұмыстары;
  • еден төсеу және қабырға қаптау;
  • сырлау және әйнек жұмыстары;
  • желі маркетингі арқылы бөлшек сауда;
  • такси қызметі;
  • өзге де пошта және курьер қызметтері;
  • дайын тамақты жеткізу;
  • өз меншігіндегі немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
  • фотоқызмет;
  • ауызша және жазбаша аударма қызметі;
  • ветеринария қызметі;
  • жеке қолдануға арналған, тұрмыстық мақсаттағы басқа бұйымдарды жалға беру және лизинг;
  • тұрғын үйлерді тазалау;
  • коммерциялық қызмет бойынша көмектесу;
  • спорт және демалыс саласындағы білім беру;
  • мәдениет саласындағы білім беру;
  • өзге де білім беру қызметтері (басқа санаттарға кірмейтін);
  • көркем және әдеби шығармашылық;
  • компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу;
  • байланыс құралдарын жөндеу;
  • электрон тұрмыстық техниканы жөндеу;
  • тұрмыстық құрал-жабдықтарды, үй және бақша жабдықтарын жөндеу;
  • аяқ киім жөндеу;
  • табиғи және жасанды былғарыдан жасалған галантерея өнімдерін жөндеу;
  • жиһаз және интерьер бұйымдарын жөндеу;
  • қолсағаттар мен басқа да сағаттарды жөндеу;
  • зергерлік бұйымдарды жөндеу;
  • тоқыма және трикотаж бұйымдарын ретке келтіру;
  • тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма өнімдерін ретке келтіру;
  • тері бұйымдарын ретке келтіру;
  • музыкалық аспаптарды жөндеу;
  • кілемдерді ретке келтіру;
  • велосипед жөндеу;
  • жеке қолдануға арналған және тұрмыстық басқа да тауарларды жөндеу (басқа санаттарға кірмейтін);
  • шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері;
  • үй шаруашылықтарының үй қызметкерлерін жалдауы;
  • үй шаруашылықтарының өз қажеті үшін тауар өндіруі.

Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін де вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша қандай қызмет түрлері арнайы салық режимі шеңберінде жұмыс істей алатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0