Кентауда қоқыс жәшігінен нәресте табылды
Түркістан облысы Кентау қаласында жаңа туған нәрестенің денесі табылып, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция мәліметінше, баланың анасын анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
"Полиция қызметкерлері аулаларды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұхбаттасып жатыр", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексеріліп жатыр.
"Барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жалғасып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0