Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты

Қараша 5, 2025 - 09:00
 0  3
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстан әйелдер теннисі құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Серена Уильямс атындағы топта бірінші орын алып, WTA-2025 маусымының қорытынды турнирінің жартылай финалына мерзімінен бұрын жолдама алды, – деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына (ҚТФ) сілтеме жасап.

Америкалық Аманда Анисимова Мэдисон Кизді 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін, отандасымыздың плей-оффқа шығуы ресми түрде нақтыланды.

Топтық кезеңде Рыбакина екі матчта да жеңіске жетті:

  • Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты;

  • Польшалық Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұл – қазақ теннисі тарихындағы ерекше жетістік. Елена Рыбакина жекелей сында WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0