“Болат Назарбаевтың“ туыстарының үйіне полиция неге жиналғаны белгілі болды

Қараша 14, 2025 - 16:44
 0  16
“Болат Назарбаевтың“ туыстарының үйіне полиция неге жиналғаны белгілі болды
Tengrinews.kz

14 қарашада Алматы облысы Қарғалы ауылында тұрғындар полиция көліктері жиналып тұрған үйді байқаған. Әлеуметтік желілерде "үй марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі болуы мүмкін" деген ақпарат тарады.

Мән-жайы

"Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғындары өткен түні марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйдің маңынан көп полицейді көргенін айтты", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Болат Назарбаев - Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. 2023 жылы 13 қарашада қайтыс болды.

Полиция пікірі

Алматы облысының Полиция департаменті 14 қарашада түнде ауыл тұрғындарынан белгісіз адамдар құнды заттарды ұрлағаны туралы хабар түскенін мәлімдеді.

"Оқиға орнына жедел тергеу тобы, учаскелік полиция инспекторлары шықты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Алматы облысы ПД үй нақты кімге тиесілі екенін нақтыламады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0