iPhone 17 ресми түрде таныстырылды

Қыркүйек 11, 2025 - 11:49
Қыркүйек 11, 2025 - 11:52
 0  11
iPhone 17 ресми түрде таныстырылды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Apple Park кампусында компанияның дәстүрлі күзгі шарасы өтті. Көпшіліктің асыға күткен презентациясында жаңа iPhone 17 желісі, жаңартылған Apple Watch пен ақылды AirPods Pro 3 таныстырылды.

iPhone 17 базалық нұсқасы 6,3 дюймдік ProMotion дисплеймен жабдықталған. Жаңа A19 процессоры құрылғының жылдамдығын 20%-ға арттырса, жаңартылған батарея бір рет зарядпен 8 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Бағасы — 799 доллардан басталады.

Ал iPhone 17 Pro мен Pro Max модельдері мүлде жаңа дизайнмен шықты: камера блогы шетке ығыстырылған. Жаңа түстер — күміс, қызғылт сары және қою көк. Pro нұсқасы $1099, ал Pro Max $1199 тұрады. Екі құрылғы да 256 ГБ жадымен ұсынылады.

Жаңалықтардың ішіндегі ең таңқаларлығы — AirPods Pro 3. Енді бұл құлаққап нағыз аудармашыға айналады: екі адам әртүрлі тілде сөйлессе де, құрылғы автоматты түрде синхронды аударма жасайды.

Барлық жаңа өнімдер 19 қыркүйектен бастап ресми сатылымға шығады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 1
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0