Бұрынғы жұбайының интим суреттерін таратып жіберген: БҚО-да ер адам ұсталды

Қаңтар 30, 2026 - 18:13
 0  5
Бұрынғы жұбайының интим суреттерін таратып жіберген: БҚО-да ер адам ұсталды
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында интим материалдарды заңсыз таратқан күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталған.

"Ол - жәбірленушінің бұрынғы жұбайы. Күдікті WhatsApp мессенджері арқылы өзінің бұрынғы әйелінің интим суреттерін таратқан. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Соталды тергеп-тексеру аясында күдікті өз кінәсін мойындап, айғақтар берген. Тергеу барысында ұялы телефон тәркіленді.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзенде екі адам қызды бопсалағаны хабарланды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0