Азия чемпионаты: Айгерім Сәттібаева қола жүлде иегері атанды

Сәуір 7, 2026 - 17:50
 0  3
Азия чемпионаты: Айгерім Сәттібаева қола жүлде иегері атанды
Қазақстан бокс федерациясы
Жекпе-жектің қорытындысы бойынша, төрешілер 5:0 есебімен Номундари Енх-Амгаланды жеңімпаз деп таныды.

Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының жартылай финал жалғасып жатыр, деп хабарлайды ilmek.kz 

48 келідегі Айгерім Сәттібаева күндізгі сессияда шаршы алаңның иесі Номундари Енх-Амгаланмен финалдың жолдамасын сарапқа салды.

Қос спортшы да рингтің ортасын иеленуге тырысып, алма-кезек шабуылдаумен болды. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша, төрешілер 5:0 есебімен Номундари Енх-Амгаланды жеңімпаз деп таныды.

Айта кетейік, 2024 жылы да Айгерім Сәттібаева Таиланд төрінде қола жүлдегер атанған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0