Астанада қаза тапқан жас фельдшерді ақтық сапарға шығарып салды
Қаралы қауым фельдшер Ұлдана Мырзұанды соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Астана маңындағы Қосшы қаласындағы марқұмның өз үйінде өтті. Оған туған-туыстары, әріптестері, көршілері мен достары жиналып, Ұлданамен қоштасты. Қайтыс болған фельдшер небәрі 23 жаста еді.
Еске сала кетейік, 8 қарашада тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционері құлап, жас маман ауыр жарақат алған. Ол алған жарақатынан 18 қарашада көз жұмды. Мемлекет басшысының жарлығымен қызметіне адалдығы, қиын жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзұан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0