13 күн қалды: салық органдары жылжымайтын мүлік иелеріне ескерту жасады
Мемлекеттік кірістер комитеті жылжымайтын мүлік – пәтер, үй, саяжай, гараж және жер учаскелері иелеріне 2024 жылғы мүлік салығын 2025 жылғы 1 қазанға дейін төлеу қажеттігін ескертті7
Салық сомасы туралы хабарламалар шілдеде қағаз түрінде және банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарлама ретінде берілді.
1 қазанға дейін төлем жасалмаса, әрбір кешіктірілген күнге өсімпұл қосылады. Сонымен қатар, салық органдары қарызды хабарлайды.
14 қарашадан бастап 1 АЕК-тен (3 692 теңге) асатын қарыз бойынша салық төлеу туралы бұйрық шығады. Егер бес жұмыс күні ішінде төлем болмаса, іс жеке сот орындаушыларына жіберіледі.
Жеке сот орындаушылары борышкердің банк шоттарына тыйым салу, мүлікке шектеу қою және 40 АЕК-тен (147 680 теңге) асатын берешек болған жағдайда Қазақстаннан шығуға тыйым салу құқығына ие.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0