Астанада түнгі клубта жас жігіт қаза тапты

Қыркүйек 11, 2025 - 17:26
 0  13
Астанада түнгі клубта жас жігіт қаза тапты
Видео кадры

Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жантүршігерлік қылмыс жасалып, 19 жастағы жас жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы марқұмның туыстары әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді.

Марқұмның әпкесі Аружан Әбді Instagram желісінде үндеу жариялап, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаны жария етті. Оның айтуынша, шабуыл жасағандардың нақты саны белгісіз, алайда бірнеше адамның қатысқаны белгілі.

«Жүрек тұсына екі рет, аяққа екі рет пышақ салған. Қолынан да жарақат алған. Қазіргі уақытта күдіктілердің тек біреуі ғана ұсталды», – дейді ол.

Сонымен қатар, ол қылмыс кезінде клубта полиция қызметкерлері, күзетшілер және әкімшілік өкілдері болғанын, алайда ешқайсысы араласпағанын ашық айтты. Қаза тапқан азаматтың туыстары жауаптылардың барлығын жауапқа тартуды және әділ тергеу жүргізуді талап етуде.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ресми органдар тарапынан нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 1
Апыр-ай Апыр-ай 0