Астана тұрғыны мүгедектігі бар балалардың есебінен баюды көздеген
Астанада елдің әртүрлі аймағынан 5 тұрғынды алдаған алаяқ сотталды.
Мән-жайы
Ер адам "Біздің балаларға арбалар" деп аталатын What's App чатта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, пайдаланылған арбаларды сату туралы ақпарат таратқан.
Күдікті арбаларды пошта арқылы жіберуге уәде берген. Жәбірленушілер оның картасына 40-тан 114 мың теңгеге дейін ақша аударған.
Сот үкімі
Сот үкімімен ер адамға пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0