Алматыда “жарылыс жасаймын“ деп қорқытқан ер адам ұсталды

Қараша 14, 2025 - 16:46
 0  8
Алматыда “жарылыс жасаймын“ деп қорқытқан ер адам ұсталды
Алматы ПД

Алматыда "жарылыс жасаймын" деп қорқытқан ер адам ұсталды.

Діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жазбаға белгісіз біреу жарылыс жасау туралы пікір жазған. Бұл дерек бойынша 102-ге хабарлама түскен.

Осылайша Алматы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел әрекет еткен.

"Жедел іс-шаралар нәтижесінде пікір авторы анықталды. Ол Алматының 2004 жылғы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", - деді Алматы қаласы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 1
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0