Alatau City - Қазақстанның алғашқы цифрлық қаласы болады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, Алматы маңында салынатын Алатау қаласы (Alatau City) Қазақстанның жаңа іскерлік әрі инновациялық орталығына айналуы тиіс. Жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер телімі бөлініп, бастапқы жоспарлау мен инфрақұрылым желілері тартылған.
Мемлекет басшысы Қытайға сапары кезінде миллиардтаған долларлық келісімдер жасалғанын, сондай-ақ Шэньчжэнь технополисін дамытуға қатысқан компания Alatau City жобасына да қатысатынын атап өтті.
Президент Үкіметке қаланы тікелей өзіне бағынатын етіп, арнайы мәртебе беру жөніндегі жарлық жобасын 10 күн ішінде әзірлеуді тапсырды. Бұдан бөлек, алты ай ішінде Алатау қаласына қатысты жеке заң қабылдау қажеттігін жеткізді.
Alatau City толық цифрландырылған алғашқы қала болмақ. Мұнда Smart City элементтері енгізіліп, тіпті төлем жүйесінде криптовалютаны қолдану мүмкіндігі қарастырылуда.
«Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеу мен қолайлы өмір сүру үйлесім табуы қажет», – деді Президент.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
2
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0