Тоқаев пен Трамптың келіссөзі: негізгі мәселелер

Қараша 7, 2025 - 10:38
 0  4
Тоқаев пен Трамптың келіссөзі: негізгі мәселелер
Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев пен Трамптың келіссөзі: негізгі мәселелер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйде келіссөз жүргізді.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентін Қазақстан делегациясына көрсеткен қонақжайлылығы үшін алғыс білдіріп, Вашингтонға сапармен келуге шақырды.

Президент Тоқаев Дональд Трамптың президенттік қызметінің тарихи маңызына тоқталып, оның басшылығымен Америка Құрама Штаттары әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретінде өз орнын нығайта түскенін атап өтті.

Қазақстан Президенті АҚШ көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалап, Қазақстанның Трамптың бейбітшілік пен өркендеуді ілгерілету жөніндегі бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Бұл тұрғыда ол болашақта Орта дәлізді дамытуға ықпал ететін "Халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолы" (TRIPP) жобасына ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Дональд Трамп АҚШ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға дайын екенін растады.

Сапар аясында екі ел арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың түрлі бағыттары талқыланып, өзара тиімді серіктестікті тереңдетудің перспективалары айқындалды. Сондай-ақ мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0