Ұят жағдай – Тоқаев Қазақстанның импортқа тәуелділігіне тоқталды

Қыркүйек 8, 2025 - 14:04
Қыркүйек 8, 2025 - 14:08
 0  7
Ұят жағдай – Тоқаев Қазақстанның импортқа тәуелділігіне тоқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ұлттық азық-түлік нарығындағы импортқа тәуелділікке ерекше назар аударды.

«Бұл – әлі де өзекті мәселе. Әрине, жүз пайыз өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкін емес, бәлкім, қажет те емес шығар. Бірақ қазіргі нарықтағы жағдай – ұят нәрсе. Сонымен қатар дәстүрлі ұлттық өнімдерді шетел нарықтарына белсенді түрде шығару қажет», – деді Президент.

Ол бұл мақсатқа жету үшін аграрлық экспорт жоспарын қайта қарап, логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттарды, сондай-ақ сауатты маркетингтік стратегияны ескеру қажеттігін айтты.

«Бұл – тек Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірнеше мемлекеттік органның міндеті. Сондықтан үкімет деңгейінде үйлесімді іс-қимыл қажет. Үкімет еуразиялық сауданың әділ шарттарын талап етуі тиіс, ал депутаттар отандық өндірушілердің мүддесін заң шығару бастамалары арқылы қорғауы керек», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кету керек, Қазақстан үшін сыртқы сауда – экономиканың күретамыры болып табылады. Елдің экспорттық табысы мемлекеттік бюджеттің негізгі кірісін қамтамасыз еткенімен, импортқа тәуелділік халықтың күнделікті тұтынуынан бастап өнеркәсіп өндірісіне дейін әсер етуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0