Тоқаев Путинмен екі сағатқа жуық жүзбе-жүз әңгімеде не талқыланғанын айтты

Қараша 12, 2025 - 17:52
 0  2
Тоқаев Путинмен екі сағатқа жуық жүзбе-жүз әңгімеде не талқыланғанын айтты
Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Ресей Федералды жиналысы федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Валентина Матвиенкомен кездесу барысында Президент бұл сапарын Қазақстан-Ресей сан қырлы ықпалдастығының айтулы кезеңі ретінде қарастыратынын айтты.

"Бұл сапар елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан тарихи маңызға ие", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесуі жайында айтып, екі елдің ресми делегация өкілдерінің қатысуымен өтетін келіссөздердің күн тәртібіне назар аударды.

"Кеше Владимир Владимировичпен екі сағатқа жуық жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, көптеген мәселені, өзара ынтымақтастықты және халықаралық ахуалды талқыладық", – деді Қазақстан Президенті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0