180 пайызға дейін табыс: Астанада S-Group қаржы пирамидасының әрекеті тексеріліп жатыр

Желтоқсан 15, 2025 - 16:13
 0  1
180 пайызға дейін табыс: Астанада S-Group қаржы пирамидасының әрекеті тексеріліп жатыр
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Sincere Systems Group LTD (S-Group) қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Мән-жайы

S-Group компаниясы өзін Ұлыбританиядағы инвестициялық қор ретінде таныстырып, Forex нарығында сенімгерлік басқару, майнинг және SWP, SWCT ішкі криптотокендерімен сауда жүргізу қызметін ұсынатынын мәлімдеген. Салымшыларға айына 15-20 пайыз, жылына 120-180 пайыз көлемінде табыс уәде етілген.

"Инвестициялық қызмет шынайы жүргізіліп жатқандай көрінуі үшін қатысушыларға компанияның сайтындағы жеке кабинетке кіруге рұқсат берілген, онда виртуалды депозиттер, табыстың өсімі және есептелген қаражат көрсетілген. Алайда іс жүзінде салымшылардың қаражаты инвестицияланбаған, күдіктілердің жеке қажетіне жұмсалған", - деп жазылған ҚМА хабарламасында.

Күдіктілер туралы

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 136 млн теңгеден асты. Қылмыстық жолмен келген табысқа ұйымдастырушылар елордадан 2 пәтер және 2 көлік сатып алған. Оларды сенімді тұлғалардың атына рәсімдеген.

Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Күдіктілерге бұлтартпау шарасы ретінде елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0