Әлем чемпионатындағы қазақ боксшыларының жарқын жеңістері

Қыркүйек 11, 2025 - 09:20
 0  10
Әлем чемпионатындағы қазақ боксшыларының жарқын жеңістері

Қазіргі таңда күллі әлемнің назары Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына ауып отыр. Бұл дүбірлі додада 68 елден келген 554 спортшы бақ сынауда. Қазақстан атынан жарысқа 20 боксшы қатысып, ел намысын абыроймен қорғап жүр.

Атап айтқанда, 60 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан жамбылдық Бейбарыс Жексен алғашқы кездесуін сәтті аяқтап, 1/8 финалда үндістандық Сачинмен шаршы алаңға шықты. Қарсыласын төрешілер шешімімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Ендігі қарсыласы – өзбекстандық Абдумалик Халоков.

Сонымен қатар, 80 келіде жұдырықтасқан Нұрбек Оралбай украиналық Матвей Ражбаны тізе бүктіріп, келесі кезеңге өтті. 55 келідегі Махмұд Сабырхан мексикалық Бриан Оуен Ортизді айқын басымдықпен жеңсе, 65 келі салмақтағы Ертуған Зейнуллинов та жеңісті жолын жалғастыруда.

Төрехан Сабырхан мен 90 келідегі Сағындық Тоғамбай да ширек финалға шықты. Әйелдер арасында да отандастарымыз табысты өнер көрсетуде. Мәселен, 65 келіде Аида Әбікеева Оңтүстік Кореялық Кан Сок Енді ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Виктория Графеева ел үмітін ақтауда. 57 келідегі Карина Ибрагимова мен 70 келі салмақтағы Наталья Богданова да жарысты сәтті жалғастыруда. Гүлсая Ержан болса, қола жүлдеге бір қадам қалды – енді ширек финалдағы өнеріне көп нәрсе байланысты.

Бір өкініштісі, 1/8 финалда Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды.

Жанкүйерлер ел атынан сынға түсіп жатқан былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тілеп, жеңіс жолында жанкүйер болуда. Ширек финалдық кездесулер алдағы күндері жалғасады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0