Қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды
Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.
Қазақстандық каратэші 84 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Отандасымыз ақтық сында Иордания спортшысы Мухаммед Аджафаримен кездесті. Нәтижесінде Никита Тарнакин шешуші жекпе-жекте 8:3 есебімен жеңіске жетті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0