Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ливерпульде жеңіспен көзге түсті
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Тоғамбай алғашқы айналымда жергілікті былғары қолғап шебері Исаак Окомемен жұдырықтасты. Қарсылас алғашқы раундта басымдық танытқанымен, жекпе-жек соңында төрешілер шешімімен Сағындық 3:2 есебімен жеңімпаз атанды.
Келесі кезеңде Тоғамбай Ирландиялық Джек Марлеймен қолғап түйістіреді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0