Қазақстанда 2025-2028 жылдары жалақы өсімі қандай болады?
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жариялады. Оған сәйкес, орташа айлық жалақы 2025 жылдан 2028 жылға дейін айтарлықтай өседі.
Болжам бойынша орташа айлық табыс көлемі:
-
2025 жылы – 423 133 теңге;
-
2026 жылы – 500 890 теңге;
-
2027 жылы – 554 154 теңге;
-
2028 жылы – 604 963 теңге.
Нақты жалақы өсімі (инфляцияны ескергенде) 2026 жылы 7,6%, ал 2027-2028 жылдары шамамен 3% деңгейінде болжануда.
Ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалады – 85 000 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 2025 жылы 46 228 теңгеден 2028 жылы 57 405 теңгеге дейін өседі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
1
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0