Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медальға ие болды

Қаңтар 16, 2026 - 17:33
 0  1
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медальға ие болды
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Доха (Қатар) қаласында стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандастарымыз турнир аясында 5 медальға ие болды. Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар:

  • Әйелдер арасындағы "скит" сайысында Адель Садақбаева үздік атанды. Сонымен қатар, дәл осы сайыс түрінен Ольга Хайлова үшінші орын алды. Одан бөлек, әйелдер құрамасы командалық сайыста алтыннан алқа тақты.
  • Ерлер арасындағы бәсекеде Эдуард Ещенко күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, ерлер құрамасы командалық бәсекеде қола жүлдегер атанды. 

Айта кетейік, Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0