Құтқарушыларға жаңа техникалар табысталды

Қыркүйек 3, 2025 - 12:28
 0  1
Құтқарушыларға жаңа техникалар табысталды
Ақәділ Рысмахан
Құтқарушыларға жаңа техникалар табысталды

Тасқын, сел, өрт секілді төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардабын жоюда құтқарушылардың техникасы талапқа сай болуы аса маңызды. Осы мақсатта Тараз қаласының орталық алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа өрт сөндіру-құтқару техникасы мен арнайы киімдерді табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Министр жаңа техниканың табысталуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құтқарушыларға ерекше көңіл бөліп отырғанының айқын дәлелі екенін атап өтті. Ал облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құтқарушылардың ержүрек еңбегін жоғары бағалап, жаңа жабдық олардың жұмысына серпін беретінін айтты.

Іс-шара аясында өрт сөндіру автокөліктері мен арнайы техникадан құралған 13 жаңа көліктің кілті және 94 жиынтық формалық киім құтқарушыларға табыс етілді. Бұл бастама өңірдің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0