Әкім орынбасары комиссияның атынан жалған құжаттарға қол қойғаны белгілі болды
Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады.
Жетісай ауданында жергілікті комиссия "мұқтаж емес" деген қорытынды бергенімен, 18 отбасыға 3,1 млн теңге әлеуметтік көмек төленген.
Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылдық округінде учаскелік комиссия хатшысы мен ауыл әкімінің орынбасары комиссия мүшелерінің атынан жалған құжаттарға қол қойып, 56 өтініш бойынша жалған қорытынды жасаған. Нәтижесінде мемлекетке 9,7 млн теңге шығын келтірілген.
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0