Үйге басып кіріп, иелеріне күш қолданып, қорқытқан: Алматыда бір топ адам ұсталды

Қаңтар 30, 2026 - 17:40
 0  1
Үйге басып кіріп, иелеріне күш қолданып, қорқытқан: Алматыда бір топ адам ұсталды
ІІМ

Алматыда заңсыз іс-әрекеттер жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды.

Тергеу материалдарына сүйенсек, бірнеше адам тұрғын үйге заңсыз кіріп, иелеріне күш қолданып, өз талаптарын орындатуға тырысқан. Күдіктілер атыс қаруына ұқсас затты пайдаланған. 

"Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде осы қылмысқа қатысы барлар ұсталды. Қауіп төндіретін заттар заңсыз айналымнан тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0