Қостанайда із-түссіз жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр

Наурыз 27, 2026 - 19:17
 0  5
Қостанайда із-түссіз жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр
ІІМ

Қостанайда кәмелетке толмаған жасөспірім хабар-ошарсыз жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция жасөспірімнің орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

"Полиция қызметкерлері жасөспірім болуы мүмкін орындарды тексеріп, туыстары, таныстары және көршілерінен жауап алып жатыр. Қазір Қостанай қаласы мен жақын маңдағы өңірлердің полиция гарнизонының барлық жеке құрамы бағдарланды. Сондай-ақ, іздестіруге еріктілер мен өзге де қызметтер тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл іс Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Полиция жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды 102 нөміріне дереу хабарлауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0