Қазақстандық жас теннисші Үндістанда қатарынан екі рет топ жарды

Желтоқсан 8, 2025 - 17:20
 0  2
Қазақстандық жас теннисші Үндістанда қатарынан екі рет топ жарды
ҚТФ

Теннисші Альбина Кәкенова 18 жасқа дейінгілер арасында Үндістанда өткен ITF Juniors 100 турнирлерінде чемпион атанды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Альбина Кәкенова алдымен отандасы Сәтима Төрегенмен бірге жұптық сында Нью-Дели додасында үздік шықты.

Олар финалда ресейлік Ксения Ахрамеева - Ева Колядинаны 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Альбина Кәкенова жекелей сында Пуне қаласында өткен жарыста да қарсылас шақ келтірмеді. Ол үндістандық Диа Рамешті 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0