“Жұмбақ өлім”: СҚО-да өртенген үйден үш адам өлі табылды
Солтүстік Қазақстан облысында үш адамның жұмбақ өліміне қатысты тергеу басталды. Олардың денелері Полтавка ауылындағы өртенген үйден табылды. Марқұмдардың бірі – сол үйдің иесі, — деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Өрт кешкі уақытта шыққан. Оқиға орнына үш арнайы техника мен сегіз өртсөндіруші тартылған. Дегенмен, баспананың түгі қалмай өртенген.
Күл арасынан 58 жастағы әйел және 44 пен 46 жастағы екі ер адамның денесі табылған.
Арнайы сарапшылар марқұмдардың өрттен емес, кісі қолынан қаза тапқанына болжам жасап отыр, — делінген телеарна хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0