Жұмбақ қаза: Атырау облысында жеке үйден екі адам өлі табылды

Желтоқсан 11, 2025 - 18:11
 0  2
Жұмбақ қаза: Атырау облысында жеке үйден екі адам өлі табылды
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Атырау облысында жеке үйден екі адам өлі табылды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда Есбол ауылында болған. Басылым мәліметінше, 1976 жылғы үй иесі жалғыз тұрады, оған тағы бір жігіт қонаққа келген. Екеуі де көз жұмған.

Индер ауданы әкімшілігінің баспасөз қызметі мәліметінше, олар газдан уланбаған. Әкімдік өкілдері "екі адамның да жүрегі тоқтаған болуы мүмкін" деген болжамды айтқан.

Бұл дерек бойынша сараптама тағайындалған. Полиция тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0