Жолдағы алаяқтар: жүргізушілер төлемеуі тиіс айыппұл түрлері қандай?

Қазан 8, 2025 - 14:25
 0  4
Жолдағы алаяқтар: жүргізушілер төлемеуі тиіс айыппұл түрлері қандай?
Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Полиция қызметкерлері интернет алаяқтардың нысанына көлік иелері іліге бастағанын ескертті.

Кейінгі уақытта түрлі елдерде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұлдар жіберетін интернет алаяқтықтың жаңа түрі тіркеліп отыр.  

"Қаскөйлер көлік иелеріне электрон пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарламалар жібереді. Онда жүргізушінің жеке деректері, көлік нөмірі және "айыппұлды төлеуге арналған" сілтеме көрсетіледі. Алайда бұл - фишинг шабуыл. Егер адам банк картасының деректерін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізеді. Кей жағдайларда сілтемелер арқылы жеке деректерді ұрлайтын вирустар да таралады. Мұндай шабуылдар АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал енді олардың Қазақстанда да таралу қаупі бар", – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Полиция мәліметінше, айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді және ешқашан төлем жасауға арналған сілтеме көрсетілмейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0