Жеке кәсіпкердің үйіне қарақшылық жасалды

Қыркүйек 30, 2025 - 10:48
 0  2
Жеке кәсіпкердің үйіне қарақшылық жасалды
ІІМ баспасөз қызметі

Алматыда бетперде таққан үшеу жеке кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған.

12 қыркүйекте күдіктілер бетперде тағып, жеке үйге кірген. Шығын көлемі - 500 миллион теңге.

"Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және былтыр Алматы қаласында жасалған екі қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0