Жасанды интеллект мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қыркүйек 22, 2025 - 17:40
Қыркүйек 22, 2025 - 17:41
 0  10
Жасанды интеллект мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстан мектептерінде жасанды интеллект технологиялары оқу үдерісіне кезең-кезеңімен енгізіле бастады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2024–2025 оқу жылынан бастап жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары мектептерде қосымша білім беру құралы ретінде қолданылады. Бұл жаңашылдық оқу сапасын арттырып, білімді терең меңгеруге ықпал етеді.

"200 мыңға жуық педагог арнайы дайындықтан өтті. Қазіргі таңда олар жаңа мазмұндағы сабақтарды жүргізіп жатыр. Жасанды интеллект – оқудың сапасына әсер ететін қосымша құрал. Алайда, педагогтің негізгі рөлі сақталады. ЖИ ешқашан мұғалімді алмастыра алмайды", – деді Қаныбек Жұмашев.

Сондай-ақ, биылғы жаңа оқу жылынан бастап "Информатика" пәні "Информатика және жасанды интеллект" деп өзгертіледі. Бұл пән аясында оқушылар жасанды интеллект негіздерімен, оны қолдану тәсілдерімен және қауіпсіздік шараларымен танысады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0