Қазақстанда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада басталды
Қазақстанда 30–31 қазан аралығында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада өтіп жатыр, – деп хабарлайды ilmek.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл олимпиада – жасанды интеллект саласында оқушылар арасында өткізілетін ең ірі командалық жарыстардың бірі.
Биылғы іріктеу кезеңіне 9 елден 400-ден астам команда қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан және Кипр бар. Жалпы 1200-ге жуық қатысушы бақ сынап, соның ішінде 200-ден астамы финалдық кезеңге жолдама алды.
Финалдық кезең Алматы қаласында өтуде. Мұнда 7 елден келген 51 үздік команда жасанды интеллект саласындағы білім мен дағдыларын сынайды.
Айта кетейік, халықаралық олимпиада алғаш рет 2024 жылы ұйымдастырылған болатын. Сол жылы еліміздің өңірлерінен 300-ден астам команда қатысып, финалистер Бейжіңде өткен Халықаралық AI олимпиадасында (IOAI) жоғары нәтижелерге қол жеткізген еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0