Жасанды интеллект арқылы жұмыс табу жеңілдеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында жасанды интеллект негізінде бос жұмыс орындарын автоматты анықтау қызметі іске қосылды.
1 қыркүйекке дейін жүйе 50 мыңнан астам жұмыс ұсынысын жасаған. ЖИ моделі түйіндемелер мен вакансияларды талдап, мамандықты, күтілетін жалақыны, тұрғылықты аймақты және кәсіби дағдыларды ескере отырып, іздеушілерге ең қолайлы нұсқаларды ұсынады.
Жаңа технология түйіндемені 2 секунд ішінде өңдейді. Нәтижесінде қолмен вакансия іздеу уақыты 80%-ға қысқарды. Алдағы уақытта ЖИ көмегімен жұмыс табу процесі 90%-ға дейін жеделдетілмек.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0