Жамбылдық бойжеткен TikTok-тағы танысына 1,4 млн теңге беріп, алданып қалды
Жамбыл облысының тұрғыны TikTok желісінде танысқан жігітке сеніп, 1,4 млн теңге қаржысынан айырылды. Жігіт оған Түркияда шұғыл ота жасату қажет екенін айтып, бірнеше мәрте ақша сұраған.
Ол қаражатты қайтаратынын уәде еткенімен, кейін байланысқа шықпай қойған. Ақыры бойжеткен сотқа жүгініп, қарызды өндірумен қатар 1 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуді талап етті.
Алайда іс сотқа жетпей, медиация арқылы тараптардың келісімімен шешілді. Келісім бойынша ер адам қарызды толық қайтаруға міндеттелді, ал бойжеткен қосымша талаптарынан бас тартты. Сот келісімді бекітіп, істі тоқтатты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
1
Қайғылы
0
Апыр-ай
1