Жамбылда өндіріс қарқыны артып, мыңдаған жұмыс орны ашылуда

Қыркүйек 17, 2025 - 11:55
 0  5
Жамбылда өндіріс қарқыны артып, мыңдаған жұмыс орны ашылуда
Ақәділ Рысмахан

Жамбыл облысында биыл жалпы құны 175,2 млрд теңге болатын 30 инвестициялық жоба іске асырылып, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады.

Өткен жылы өңірде 13 өндіріс орны іске қосылып, 577 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 2024 жылдың өзінде 35 кәсіпорын ашылып, 1 453 жұмыс орны құрылған.

Ірі жобалар қатарында «Шатыркөл» кен байыту фабрикасы, «KORCEM» цемент зауыты, «Karatau Chemicals» және қараша айында іске қосылатын «Еврохим Қаратау» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауыты бар.

Индустриалды аймақтар мен субаймақтар (Талас, Сарысу, Меркі, Құлан) инфрақұрылыммен қамтылып, есік шығару, шыны, құрылыс қоспалары мен бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар ашылмақ.

Қайта жаңғыртылған «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы 805 гектарға дейін кеңейіп, онда жел генераторлары, металл өнімдері, жүгері өңдеу, сутегі асқын тотығы, желатин, мототехника, натрий цианиді өндірісі секілді жобалар қолға алынған.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында облысқа тартылған инвестиция көлемі 301,8 млрд теңгеге жетіп, былтырғыдан 48,1%-ға артқан.

Бұл көрсеткіштер Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуеті артып, экономиканың әртараптануымен қатар жаңа жұмыс орындарының көбеюіне жол ашып жатқанын көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0