Жамбыл облысында жасөспірімдерге қатысты қайғылы оқиғалар жиілеп кетті: бірқатар шенеунік сөгіс алды
Жамбыл облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы қайғылы оқиғалардың көбеюіне байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеев шұғыл кеңес өткізді.
Әкімнің айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы өңірде кәмелетке толмағандарға қатысты аса ауыр қылмыстардың саны артқан. Соңғы екі апта ішінде үш қайғылы жағдай тіркелген.
"Жаңа оқу жылы басталғалы өңірде кәмелетке толмағандар арасында аса ауыр қылмыстар жиілеп кетуі жағдай ушығып бара жатқанын көрсетеді. Бұл мәселеге шұғыл әрі нақты шаралар қажет. ...Сіздерді тыңдасақ, барлық жұмыс жүріп жатыр, ауқымды шаралар атқарылып жатыр дейсіздер. Бірақ нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар. Кейінгі екі аптада үш қайғылы жағдай болды. Демек сіздердің жұмыс тәсілдеріңіз тиімсіз. Оқушылардың тәрбиесі жөнінде мектеп, ата-ана, қоғам үштігінің өзара бірлескен жұмыстарын басынан қарау керек!" - деді өңір әкімі.
Осыған байланысты өңір басшысы бірқатар лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолданды:
-
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовке – сөгіс,
-
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке – қатаң сөгіс,
-
Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібековке – қатаң сөгіс,
-
Білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековке – қатаң сөгіс,
-
Сонымен қатар, Тараз қаласы мен Шу ауданы әкімдерінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарларына да қатаң сөгіс түріндегі шара қолдану тапсырылды.
Әкім білім басқармасына Тараз қалалық және Шу аудандық білім бөлімдерінің басшыларын қызметке сәйкестігі тұрғысынан қайта қарауды тапсырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы қайтыс болғаны хабарланған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0