Жаңа жылдан бастап мектептерге жүзу сабағы енгізіледі

Қараша 5, 2025 - 15:42
 0  5
Жаңа жылдан бастап мектептерге жүзу сабағы енгізіледі
Ашық дереккөз

Келесі жылдан бастап Астана мен Алматы қалаларында мектеп бағдарламасына жүзу сабақтарын енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мәлімдеді.

Оның айтуынша, жоба Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта бастама кезең-кезеңімен еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылмақ.

«Бұл бастама АҚШ, Аустралия және Венгрия сияқты жүзу спорты дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жүзеге асырылуда. Ол елдерде балаларды мектеп жүйесінде жүзуге үйрету көп жылдан бері сәтті енгізілген», — деді Баландин.

Олимпиада чемпионының айтуынша, бұл жоба дене шынықтыру сабақтарының мазмұнын байытып, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жаңа мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0