Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Қыркүйек 26, 2025 - 09:21
 0  4
Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының Байзақ ауданында қант қызылшасын өңдейтін заманауи зауыттың құрылысы басталды. Бұл — Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін салынғалы отырған алғашқы қант зауыты.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр және өңдеу өнеркәсібін дамыту мен инвестиция тартуға бағытталған. Зауыттың құрылысын Қытайлық Zhongkai Guoyuan Industrial Investment Co. қаржыландырып, Oushangyuan Process & Equipment Intelligent Co. технологиялық серіктес ретінде қатысуда. Жалпы инвестиция көлемі — 200 млн АҚШ доллары.

Зауыт іске қосылғанда 350-ден астам адам жұмыспен қамтылады. Жобалық қуаты — жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, 120 мың тонна қант, меласса мен жом өндіру.

Бұл кәсіпорын елдің ішкі қант нарығын қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті төмендетуге сеп болады. Жергілікті шаруа қожалықтары зауытты шикізатпен толық қамтуға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, 2025 жылдың алғашқы сегіз айында Жамбыл облысына 391,7 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ға артқан. Аймақта 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0