Тоқаев Румыния президентін құттықтады

Желтоқсан 1, 2025 - 18:15
 0  22
Тоқаев Румыния президентін құттықтады
Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Румыния президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі – Бірігу күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данның жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0