Елімізге кәсіби даярлығы жоғары жұмысшылар қажет – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыру – еліміздің басты міндеттерінің бірі.
«Жыл сайын мыңдаған инженер, құрылысшы және ауыл шаруашылығы саласының мамандары оқуын тәмамдайды. Оларды оқыту үшін мемлекет қомақты қаржы бөліп отыр. Бірақ, өкінішке қарай, біразы өз саласында еңбек етпейді. Арнайы дайындықты қажет етпейтін, тезірек табыс табуға болатын жұмыстарға бет бұрады.
Әрине, адал еңбектің бәрі – қадірлі. Дегенмен, мұндай үрдіс жеке адамға да, мемлекетке де айтарлықтай пайда әкелмейді. Сондықтан азаматтардың өндіріс саласына барып, нақты экономикада жұмыс істегені маңызды. Мемлекет те осыған лайықты жағдай жасауы тиіс.
Жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, оларға әділ еңбекақы төлеу – алдағы басты міндеттердің бірі», – деді Президент.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0