Тоғызкенттің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті
Тоғызкент ауылының 80 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде тойланып, ауыл тарихы мен дәстүрін ұлықтаған халықтық мерекеге айналды. Таңертеңнен бастап ауыл орталығында қолөнер және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі, спорттық жарыстар мен ұлттық ойындар өтті. Жеңімпаздар аудан әкімінің қолынан марапат алды.
Салтанатты жиында Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов ауыл халқына құттықтау арнап, елді мекеннің дамуына үлес қосқан азаматтарға «Тоғызкентке – 80 жыл» мерекелік төсбелгілерін табыстады. Өнерпаздар концерті мерекенің сәнін келтірді.
Мерейтой аясында ауыл тарихына арналған конференция өтті. Онда елге еңбегі сіңген тұлғалар туралы баяндамалар жасалып, ауыл болашағына қатысты ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, жаңа жаздық сахна пайдалануға беріліп, алғашқы концерт осы күні ұйымдастырылды. Мерекелік күн ауылдың бірлігі мен берекесін айшықтаған ерекше оқиға ретінде есте қалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0