Тіс емдеуге зейнетақы жинағын пайдалануға шектеу қойылды

Қыркүйек 11, 2025 - 11:33
Қыркүйек 11, 2025 - 11:34
 0  6
Тіс емдеуге зейнетақы жинағын пайдалануға шектеу қойылды
depositphotos.com

Қазақстанда зейнетақы жинағын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға қатысты өзгеріс енгізілмек. 15 қыркүйектен бастап тіс емдеуге арналған өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлады «Отбасы банк».

Банк өкілдерінің мәліметінше, аталған күнге дейін берілген өтінімдердің барлығы толық қаралып, өңделеді. Ал бұдан кейінгі өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылады.

"15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында стоматологиялық қызметке БЖЗҚ қаражатын пайдалану өтінімдерін қабылдау тоқтатылады. Бұған дейін жолданған барлық өтінім тиісті тәртіппен қаралады", – делінген хабарламада.

Зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану мүмкіндігі қашан қайта қолжетімді болатыны кейінірек жария етіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 1
Апыр-ай Апыр-ай 0