Су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өседі

Қыркүйек 2, 2025 - 15:35
 0  3
Су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өседі
gov.kz

Қазақстанда «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енді. Енді су шаруашылығы саласының қызметкерлері энергетика мамандарымен тең жалақы алады.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл өзгеріс ел бойынша 25 мыңнан астам маманды қамтып, олардың еңбекақысын орта есеппен 35–50%-ға арттырады. Жаңа тәртіп қыркүйектен бастап қолданылады.

Министр Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, жалақыны арттыру сала мамандарының әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, олардың мәртебесін де көтереді. Сонымен қатар, «Қазсушардың» маусымдық жұмысшылары тұрақты жұмыспен қамтылып, кадрларды оқыту және біліктілікті арттыру шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, былтыр су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға көбейген болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0