Таразда облыстық кіші футбол турнирі өтті
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Тараз қаласында «ZHASTAR CUP» облыстық кіші футбол турнирі өтті.
Спорттық шараға жамбылдық жастар мен колледж мұғалімдерінен құралған командалар қатысты.
Әр команда 5 негізгі және 3 қосалқы ойыншыдан жасақталып, қатысушылар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс шағын футбол ережесіне сәйкес өтіп, матчтар екі таймнан тұрды, ал финалдық кезеңде ойын уақыты ұзартылды.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға кубок, медаль, дипломдар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша мықтылар анықталды.
– Жастар арасында мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды. Жастар мен жасөспірімдердің бөгде әдеттермен айналысып кетпеуі үшін, бұқаралық спортты дамыту үшін алдағы уақытта да ұйымдастырылады, – дейді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадырәлиев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0