«Тараз» футбол клубының жаңа директоры тағайындалды

Желтоқсан 8, 2025 - 17:27
 0  4
«Тараз» футбол клубының жаңа директоры тағайындалды
Ашық дереккөз

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Клубтың директоры қызметіне Сыдықбек Дидар Бақытбекұлы бекітілді. Тағайындау ҚР Ұлттық экономика министрінің мемлекеттік кәсіпорын басшыларын тағайындау және аттестаттау қағидалары туралы №70 бұйрығына және ҚР Қаржы министрлігінің 2025 жылға арналған бюджетті атқару қағидаларына сәйкес жүзеге асқан.

1993 жылы Алматыда туған Дидар Сыдықбекұлы кәсіби футболшы ретінде «Қызылжар», «Астана-1964», «Ақтөбе», «Ордабасы» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ Қазақстанның U-17, U-19 және U-21 құрамаларында өнер көрсеткен. 2012 жылы Бірінші лиганың үздік жас ойыншысы атанды.

Мансабын аяқтағаннан кейін түрлі салада басшылық лауазымдар атқарған:
– «Прогресс KZ» компаниясында талдау бөлімінің жетекшісі;
– Президент Істері басқармасына қарасты «ИТЦ» АҚ бақылау қызметінің басшысы;
– Елбасы қоры Жобалық кеңсесінің үйлестірушісі.

Футбол менеджментіндегі жолын SD Family Group директоры қызметінен бастап, жеке клуб, стадион және балалар академияларын ашқан. Сонымен қатар Қазақстан Медиа футбол федерациясының негізін қалаған. ҚФФ-ның «Алаң» инфрақұрылымдық жобасының кеңесшісі болды.

2025 жылы «Атырау» футбол клубының бас менеджері қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0