Түркістан облысында полицей ұсталды

Қараша 11, 2025 - 16:58
 0  1
Түркістан облысында полицей ұсталды
gov.kz

Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады.

Өңірдің Полиция департаменті күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінде тәртіптік комиссия отырысы өткізіліп, оның шешімімен қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды. Сондай-ақ, басқа жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп жазылған жауапта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0